«Ұлттық банк қызметкерімін» Оралда телефон алаяқтарына көмектескен жігіт ұсталды

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы телефон алаяқтары пайдаланған абоненттік нөмірлерді жаппай іске қосуға қатысы бар деген күдікпен 23 жастағы қала тұрғынын ұстады, — деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Бұл туралы Polisia.kz. сайты жазды.

Алдын ала тергеу деректері бойынша күдіктілер өздерін Ұлттық банк қызметкерлері ретінде таныстырып, WhatsApp мессенджері арқылы «банктік шотты қорғау» деген жалған желеумен Орал қаласының тұрғынынан 10 млн теңгеден астам қаражатты алдап алған. Қолданылған байланыс нөмірлерінің барлығы Орал қаласында тіркелгені анықталды. Жедел іс-шаралар барысында Алматы қаласының тумасы шілде айынан бері Оралда уақытша тұрып жатқан азамат қолға түсті. Ол Telegram арқылы байланысқа шыққан қылмыстық топтың нұсқауымен SIM-карталарды бөгде адамдардың атына рәсімдеп, оларды WhatsApp-та тіркеп, әрі қарай басқаруды алаяқтарға беріп отырған.

Күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тексеру кезінде мобильді телефон, роутер, модем, SIM-карталарға арналған арнайы құрылғылар, түрлі операторлардың SIM-карталары және компьютерлік техника тәркіленді. Азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта іске қатысы бар өзге де тұлғаларды анықтау бағытында жедел шаралар жүргізілуде.

Фото: дереккөзден

Соңғы жазбасы

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика