Астанада 34 жастағы әйел көпірден секіріп өлмек болған

Оқиға елордадағы Атырау көпірінде болған, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Оқиға орнына Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Жедел-құтқару жасағы және Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жұмылдырылды.

Артынан белгілі болғандай 1991 жылы туған азаматша суға секіріп, суицид жасауға талпынған.

Авариялық-құтқару жұмыстары барысында зардап шеккен азаматша судан шығарылып, әрі қарай медициналық көмек көрсету үшін 103 қызметі бригадасына тапсырылды,-делінген дереккөз таратқан мәліметте.

Соңғы жазбасы

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика