Олжас Сүлейменов Нобель сыйлығына ұсынылды

Бұл бастаманы бүгін Алматыда «Байтақ» жасылдар партиясы қалалық филиалының конференциясында, партия төрағасы Азаматхан Әміртай жариялады, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Оның айтуынша, Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы Олжас Сүлейменовтің кандидатурасын Нобельдің бейбітшілік сыйлығына ресми түрде ұсынған.

Аталған шешім партияның азаматтық ұстанымын және Олжас Сүлейменовтің жаһандық бейбітшілік пен ядролық қауіпсіздікті нығайтуға қосқан зор үлесін мойындаудың белгісі болды. Оның «Невада–Семей» қозғалысы аясындағы қызметі Семей ядролық полигонын жабуда шешуші рөл атқарды. Сонымен қатар, оның бастамасы және Қазақстан жүргізген халықаралық кампания нәтижесінде әлемнің бірнеше елінде (соның ішінде Невадада) тағы төрт ірі ядролық полигон жабылды. «Байтақ» партиясы Олжас Сүлейменовтің еңбегін әлемдік деңгейде мойындау – ел алдындағы және халықаралық қауымдастық алдындағы моральдық міндет деп,- атап өтті А. Әміртай.

Конференция барысында партия өкілдері Нобель комитетіне оның кандидатурасын қарастыру жөнінде ресми өтініш жіберілгендігін атап өтті.

Соңғы жазбасы

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика