Санкция қысымы: Түркия Ресей мұнайынан бас тартып жатыр

Соңғы мәліметтер бойынша бауырлас Түркия солтүстіктегі көршімізден алатын мұнай көлемін күрт азайтып, оның орыны  Қазақстан мұнайымен толықтыра бастады, деп хабарлайды Jurtmedia ақпартаттық-сараптамалық порталы. 

Бұл туралы Reuters агенттігі жазды.

Агенттік келтірген дерек бойынша, өткен қарашада Түркия ресейден шығатын Urals маркалы мұнайды сатып алу көлемін күрт азайтқан. Оның орнына Қазақстан мен Ирак мұнайын импорттай бастаған. Басылымның жазуынша ресми Анкараның бұндай қадамға баруына соңғы кезде ресейлік ресейлік  «Роснефть» пен «Лукойлға» салынған түрлі санкциялар себеп болып отырған көрінеді.

Мәселен, қараша айында Түркия Urals маркасын импорттау көлемін қазанмен салыстырғанда тәуліктік өлшем бойынша 100 мың баррельге дейін азайтқан. Бұл деген сөз бұған дейінгі импорттың үштен бір бөлікке қысқарған көлеміне тең.

 Urals жеткізілімі азайған сәтте Түркия шикізат импортының басқа түрлерін көбейтті. Соның ішінде Қазақстанда өндірілетін CPC Blend және Қатар өндіретін KEBCO маркалы мұнай бар. Қараша айында Қазақстаннан CPC Blend импорты тәулігіне 105 000 баррельге жетті, бұл 2024 жылдың ақпан айынан бергі ең жоғары деңгей, – деп жазды дереккөз.

Соңғы жазбасы

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика