Дәл қазір Астанадағы Сарыарқа ауданында орналасқан Бекетай көшесіндегі ғимараттардың бірінде шыққан өртті өрт сөндірушілер сөндіріп жатыр, — деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Өрт сөндірушілер келген кезде екі қабатты ғимараттың бірінші қабатындағы гаражда екі автокөлік жанып жатқаны анықталды. От жанында орналасқан төрт қабатты қонақүйдің шатырына дейін тараған.

Жергілікті жерде жедел штаб ашылып, өрт сөндірудің 2 учаскесі ұйымдастырылды. Оқпандар енгізілді, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді. Жану ошақтарына қол жеткізу және оттың одан әрі таралуын болдырмау үшін шатырды ашу жүргізіледі. Оқиға орнында құтқарушылар жоғары дәрежемен жұмыс жасауда,- деп жазды Төтенше жағдайлар министрлігінің сайты.
Өрт сөндірушілердің күшімен шатыр конструкцияларын суыту және бөлшектеу жұмыстары жалғасуда.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
фото: pixabay.com
