Тоқаев БАӘ президентіне жеделхат жолдады

Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктерінің Президентінің атына құттықтау жеделхатын жолдады,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы. 
🇰🇿🇦🇪Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян мен оның отандастарын Біріккен Араб Әмірліктерінің Ұлттық мерекесімен құттықтады.

Президент жеделхатта Араб Әмірліктерінің орнықты дамуды қамтамасыз ету мен қауіпсіздікті нығайту жолындағы беделі жаһандық деңгейде мойындалғанын атап өтті. Сонымен қатар екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдау рухындағы сан қырлы ынтымақтастық халықтарымыздың игілігі үшін қарқынды дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның жауапты қызметіне толағай табыс, ал Әмірліктер халқына бақ-береке тіледі.

Соңғы жазбасы

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика