Ауа райының нашарлауына байланысты облыстық маңызы бар 2 автожол (Қостанай, Павлодар облысы) және республикалық маңызы бар автожолдың 3 бөлігінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс тоқтатылды, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.
Қозғалыс тоқтатылған аймақтар:
Ақтөбе облысы «РФ шекарасы-Актөбе-Қызылорда-Алматы- ҚХР шекарасына дейін, Қызылорда облысы РФ шекарасы-Мәртөк-Ақтөбе-Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент-Тараз-Қордай-Алматы-Хоргос-ҚХР шекарасы» Павлодар облысындағы «Павлодар-Шарбақты-РФ шекарасы,-делінгендерекккөз берген ақпаратта.

ТЖМ қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында дауылды ескерту жариялаған кезде, әсіресе қараңғы уақытта алыс жерлерге сапарға шығудан бас тартып, жаяу жүруден аулақ болуға, ауа-райы жағдайы мен автожолдардағы көлік қозғалысының шектеулері туралы ақпаратты бақылап отыруға кеңес береді.

