Қалың тұман, көктайғақ: Ауа райына қатысты дауылды ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК  ел аумағында 02-03 желтоқсанда күтілетін ауа райының қауіпті метеорологиялық құбылыстарына байланысты дауылды ескертулер жариялады,- деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Ауа райын болжайтын мекеме төмендегі аймақтарда күн райының бұзылатынын ескертті. 

Негізінен елдің басым аймақтарында қалың тұман күтіледі. Солтүстік облыстарда көктайғақ  болжанып отыр. Маңғыстау облысында нөсер жаңбыр жауады. Оңтүстікте, шығыста және орталық облыстарда  екпіні 15-20 м/с дейін желдің күшеюі болуы мүмкін,- делінген дереккөз таратқан ақпаратта.
⚠️

ТЖМ жүргізушілерге шектеулі көріну кезінде жылдамдықты төмендету керектігін ескертеді!

Соңғы жазбасы

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика