Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.
Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі жазды.
– Бұл – Геннадий Головкиннің ерен еңбегіне берілген лайықты баға. Даңқты отандасымыз олимпиадалық спорт түрі бойынша халықаралық федерацияны басқаратын Қазақстанның алғашқы өкілі атанды, – делінген құттықтауда.
