Маңғыстауда екі оқушыны түлкі тістеп алды

Бейнеу ауылында жыртқыш екі оқушыға шапқан. Бұл туралы өңірдің денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы. 

21 қарашада ата-аналары екі баланы аудандық аурухананың травмпунктіне алып келген. Құжаттарда балаларға дала түлкісі шапты деп жазылған.

2011 жылы туылған бала – оң аяғынан, 2018 жылғы бала – сол аяғынан жараланған. Дәрігерлер екеуіне де қажет екпелерді салды. Қазір балалардың жағдайы жақсы, олар үйде, дәрігерлердің бақылауында.

ECOJER қауымдастығының аймақтық экологиялық кеңес төрағасы Әділбек Қозыбақов суретті қарап, бұл жануар дала түлкісінен гөрі жай ғана түлкіге көбірек ұқсайтынын айтты. Оның сөзінше, мұндай жыртқыш жануарлар құтыру ауруын тасымалдауы мүмкін, сондықтан оларға жақындауға болмайды.

Маман, жыртқыш жануарлар тістеген жағдайда жәбірленушілердің ата-анасы секілді бірден дәрігерге қаралу қажетін қадап айтты.

Фото: Lada.kz

Соңғы жазбасы

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика