Бүгін таңертең Түркістан облысы Алғабас ауылындағы екі қабатты жеке тұрғын үйде өрт болған, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, тоғыз бала 12 адам қаза тапты.
Үш адам ес-түссіз күйде эвакуацияланып, ауруханаға жеткізілді.
Көршілердің айтуынша, үйде қонақтар болған, себебі алдыңғы күні үй иелері шара өткізген.
Оқиға орнында барлық жедел қызметтер жұмыс істеп жатыр.
