«100 полицей жараланған»: Мексика жастары көтіріліске шықты

Мехиконың орталығында жағдай ушықты. Бетперде киген наразы топ Ұлттық сарайды қоршаған темір қоршауларды бұзып тастады. Бұл президент Клаудия Шейнбаум тұратын резиденцияның алдында болған. Полиция жағдайды бақылауға алу үшін көзден жас ағызатын газ қолданды.

Қоғамдық қауіпсіздік хатшысы Пабло Васкестің мәліметінше:
• 100 полиция қызметкері жараланған, оның 40-ы ауруханаға түскен;
• 20 азамат жарақат алған;
• 20 адам ұсталды, тағы 20 адам әкімшілік жауапқа тартылған.

Елдің түрлі аймақтарында да наразылық шеруі өтті. Әсіресе Мичоакан штатындағы Уруапан тұрғындары ашулы. Себебі 1 қарашада қала мэрі Карлос Мансо «Өлілер күні» шарасында жұрттың көзінше атып өлтірілген.

Мексикадағы қоғамдық толқулар әзірге басылар емес. Жастар зорлық-зомбылықтың күшеюін тоқтатуды талап етуде.

Фото:REUTERS/Toya Sarno Jordan

Соңғы жазбасы

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика