«Ыңырсуды тауып алған»: Медеу Арынбаев Қайрат Нұртас жайлы ойын айтты (ВИДЕО)

Коллаж: caravan.kz

Белгілі әнші, қазақ ән өнерінің майталманы Медеу Арынбаев Қайрат Нұртас пен оның шығармашылығы туралы ойын білдірді, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.

Бұл туралы ол өзіңнің сұхбатында мәлімдеді.

«Қайратқа демалу керек. Ән айта алмайтын болса халық мұнша көтермелейтін еді ғой. Халық айтса, қалып айтпайды ғой.

Ол ырғақты сезу, өзінің ыңырсу мәнерін тауып алған. Ол қобыздың дауысы, біздің жанымызға жақын элементтер.

Оған фониатрға бару керек, дауысты емдету керек. Ол қанша еңбек. Біз сияқты айына, аптасына бір рет шықпайды ол. Ол күнара жол жүреді, күнара той-домалақта жұлып жеп жатады.

Ол оңай дүние емес, ол сақтануды талап етеді», — деді әнші.

Соңғы жазбасы

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика