Warner Bros қаржы пирамидасын құрушыларға қатысты сот үкімі шықты

Алматы соты қоғамда шу тудырған Warner Bros қаржы пирамидасын құру және оны басқару фактісі бойынша іске нүкте қойды,-деп хабарлайды Jurtmtdia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.  

Қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары азаматтарды жоғары табыс табатындарын айтып, жалған жобаға инвестиция салуға үгіттеген.

Жобаға заңды көрініс беруі үшін осы іске еш қатысы жоқ танымал голливудтық компаниясының атауын пайдаланған. Қатысушыларға фильм трейлерлерін қарау және жаңа салымшыларды тарту арқылы табыс табу ұсынылған.

Жалпы 9 деңгейден тұрған, орташа салым мөлшері 225 мың теңге, төлемдер тек USDT криптовалютасында қабылданған.

Схеманы ілгерілету үшін әлеуметтік желілер мен мессенджерлер белсенді қолданылған. Администраторлар арнайы чаттар құрып, оқыту жүргізіп, нұсқаулықтар мен бейнероликтер таратқан, жылдам табыс пен криптовалюта түрінде сыйақы уәде еткен.
Тергеу барысында салымшылардан жиналған және аударылған қаражатты сақтау үшін пайдаланылған криптоәмияндар анықталды.
🔨

Жалпы сомасы 3,8 млн USDT көлеміндегі криптоактивтерге тыйым салынды.
👨‍⚖️Сот үкімімен ұйымдастырушыға5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.✔️

Сонымен қатар, сот 40 жәбірленушінің азаматтық талаптарын қанағаттандырып, олардың залалы тыйым салынған криптоактивтер есебінен өтелетін болды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жазбасы

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика