Қазақстан президенті Ресей президентіне сәлем хат жолдады деп хабарлайды, Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.
Мемлекет басшысы жодаған хатта жақында Ресейге жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша өз ризашалығын білдірген.
Жылы жүздесу, өзара сенім, түсіністік пен ашықтық сипатында өткен келіссөздер сапардың сәтті болуына септігін тигізді. Қазақстан халқы мұны зор ықыласпен қабылдады.
Қазақстан мен Ресейдің мемлекетаралық қарым-қатынасын жан-жақты стратегиялық серіктестік және одақтастық деңгейіне жеткізу жөніндегі декларация айрықша мәнге ие. Бұл құжат елдеріміздің сан қырлы ынтымақтастығын айтарлықтай нығайтады, – деп жазды Мемлекет басшысы.
