Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Ресейге барады

25-26 қараша күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге жұмыс сапарымен барады деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы

Сапар аясында екі ел басшылары кездесіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылайды.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект тақырыбына арналған AI Journey 2026 халықаралық конференциясына қатысады.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика