Жақында Алматыдағы Академиялық қалашықтың бір топ тұрғындары өздері тұратын аумаққа іргелес жүргізгелі жатқан құрылыс нысанына қарсылық білдірген болатын. Олар өз уәждерін түрлі әлеуметтік желілерде жариялады. Осыған қатысты бүгін аталған құрылысқа жауапты SABA GROUP KZ компаниясының өкілдері түсініктеме берді,- деп хабарлайды Jurtmediа.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.
Тұрғындар салынғалы жатқан нысан құрылыс ережелеріне сай келмейтінін айтқан.
Алайда, SABA GROUP KZ президенті Ілияс Карбозов нысан салу барысында ешқандай ереже бұзушылық жоқ жегенді алға тартып отыр. Ол аталған жоба, жергілікті және шетелдік инвесторлардың қатысуымен іске асатын ауқымды инвестициялық жоба деп атап өтті. қамтитын инвестициялық жоба екенін түсіндірді. Оның айтуынша бұл жерге туристер үшін қолайлы заманауи қонақ үй салынбақшы.
Бұл нысан бюджетке қосымша жұмыс орындары мен салық түсімдерін жасайды. Алматыға туристердің көптеп келуі байқалады, бұл жоғары сапалы қонақ үй бөлмелерін қажет етеді. Қолданыстағы қонақ үй бөлмелері тозған. Қазіргі уақытта біз көршілес ғимараттардың тұрғындарының тұру жағдайларын жақсарту, аулаларды абаттандыру, ғимараттарды жөндеу, кіреберіс жолдар мен жаяу жүргіншілер жолдарын қамтамасыз ету, көгалдандыру және көше жарықтандыруын орнату жұмыстарын жүргізіп жатырмыз,-дейді І. Карбозов.
Сонымен қатар ол тұрғындардың кейбір пікірлері ескеріле отырып жобаға біршама түзетулер енгізілгенін де айтып отыр.
Біз тұрғындардың пікірін ескере отырып, жаңа нұсқа ұсындық. Жаңа нұсқада алдыңғыға қарағанда орналасу тығыздығын азайтып, кейбір ғимараттардағы қабат санын беске дейін қысқарттық. Жоба Алматы қалалық мәслихатының (VIII шақырылым) кезектен тыс 26-шы сессиясының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №193 қаулысымен бекітілген жаңа «Алматы қаласын дамыту ережелеріне сәйкес әзірленді,- деп атап өтті компания өкілі.
Кәрбозовтың түсіндіруінше, жаңа ғимараттың орналасуы кезінде ауа ағынының аэрациясын қамтамасыз етуге және таудан соғатын таза ауаға кедергі келтірмеу жағы да назарға алынған. Сонымен қатар тұрғындардың жүріп-тұруына ыңғайлы болуы үшін, жаңа жолдар түседі. Автобус аялдамысына баратын қалашықтағы бұрынғы ішкі жолдар сол күйі сақталатын болады.
Сондай-ақ компания басшысы бұл нысандар ешқандай да тұрғын үй кешені ретінде пайдаланылмайтындығын атап өтті. Тек мегаполиске қажетті әлеуметтік нысандар үшін пайдаланылғалы отырғанын атып өтті.
Жобада көптеген көліктерге арналған көп деңгейлі автотұрақ та салу қарастырылған. Компания өкілдері нысан орналасқан аумақ пен оның маңайын түгелдей көгалдандыру және абаттандыруды да мойындарына алып отыр.
Біз жоба салынатын жер телімін сатып алмас бұрын мақсатты пайдалану мен қаланың жалпы даму жоспарына толық сәйкес келетінін тексердік. Бізде коммуналдық желілерге қосылу үшін барлық қажетті құжаттар бар. Осы құжатқа сәйкес, біздің нысанның коммуналдық желісі тұрғындардың желілеріне әсер етпейді. Құрылыс нысандарын салу жөніндегі Алматы қалалық кеңесі жобаны бір ауыздан мақұлдап, ары қарай сәулеттік жоспарлауға тапсырма берілді,-деді компания басшысы.
Сонымен қатар ол, жер телімінің тектоникалық жарықта орналасқаны туралы ақпарат та шындыққа жанаспайтынын айтып отыр.
Тектоникалық жарық карталары бұл учаске арқылы ешқандай жарық сызықтары өтпейтінін растады. Бұл ғимарат қалаға ерекше қосымша болады, туристерді тартады және Аламтының әсем келбетіне сән қосады, — дейді Ілияс Кәрбозов.
Бейбарыс ӨТЕЙ, JM