Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында және Шымкент қалаласында өрт қауіптілігінің ең жоғары 5-сыныбы жарияланды,-деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Сонымен қатар ведомство кейбәір аймақтарда бұршақ жаууы мүмкін екенін ескертті.
Еліміздің көп бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауып, бұршақ соғады. Түнде және таңертең еліміздің солтүстік өңірлерінде тұман болады. Маңғыстау облысында шаңды дауыл болуы ықтимал,-деп жазды дереккөз.
