Олар Telegram мессенджері арқылы қарт адамдарға телефон соғып, жақын туыстарының жол ережесін бұзғанын, соның салдарынан көмекке мұқтаж адамдар зардап шеккенін айтып сендірген,-деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.
Дроппелік әркеет жасаған үш тұлға «жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендерге» материалдық көмек ретінде алданған тұлғалардан 14 млн теңгеден астам ақша алып, оны қылмысты ұйымдастырушының есеп айырысу шотына аударған. Өз әрекеттері үшін алынған соманың бір бөлігін өздеріне қалдырған үш кінәлі тұлға анықталды.
Олардың екеуі шет мемлекеттің азаматы бола тұра, жәбірленушілердің ақшасын жымқырып, елден шығып кетпек болған. Алайда, олар рейсті күтіп тұрған кезде Алматы қаласының халықаралық әуежайында ұсталды. Мемлекеттiк айыптаушы сотқа бұлтартпас айғақтарды ұсына отырып, кiнәлiлердiң алаяқтыққа, яғни аса iрi мөлшерде алдау жолымен бөтеннiң мүлкiн ұрлауға, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобында бiрнеше рет жасау ниетiн дәлелдеді,-деп мәлімдеді Астана қаласының прокуратурасы.
Келтірілген материалдық шығын толығымен өтелді.
Үш тұлғаның әрқайсысы 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.