Астанада жас жігіт бұрынғы сүйіктісін өлтіріп, інісін пышақтаған

21 жастағы жігіттің қолымен жасалған қылмыс елордадағы Millenium Park тұрғын үй кешенінде болған, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Астана қалалық Денсаулық сақтау басқармасы пышақ жарақатын алған жасөспірімнің жағдайы әлі де ауыр екенін мәлімдеді.

Пациентті жедел жәрдем бригадасы №2 қалалық ауруханаға жеткізді.  Арқа тұсынан пышақ жарақатын алған 2009 жылы туған жасөспірімді жедел хирургия бөліміне жатқызды. «Жағдайы әлі ауыр», — деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасынан.

Күдікті өлтірген қыздың інісіне шабуыл жасағаннан кейін оқиға болған пәтерге қайта оралып, ішінен жауып алған. Біраз уақыттан соң  полицияға берілді.

Қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті  уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір полицейлер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Фото: ғаламтордан