Жаз айларында күннің қызуы мен жылы ауа райымен қатар, денсаулыққа қауіп төндіретін бірқатар факторлар да артады,- деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.
Денсаулық сақтау министрлігінің айтуынша бұлар: денеге шектен тыс қызу өтуі, сусыздану (дегидратация), тамақтан улану, судағы жазатайым оқиғалар мен жәндіктердің шағуы.
Осыларды ескере отырып Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы төменлегі жағдайларды ескертеді:
Ведомство өкілдері ел азаматтары үшін қарапайым, бірақ тиімді шараларды сақтау денсаулықты сақтауға және демалудан тек жағымды эмоциялар алуға көмектесетін атап өтті.
Жылу мен сусызданудан қорғаныңыз
Күннің ең ыстық уақыты (сағат 11:00 мен 16:00) аралығында далада ұзақ болудан аулақ болыңыз.
Ашық түсті, жеңіл киім киіп, бас киімді ұмытпаңыз. Су ішуді шөлдеуді күтпей бастаңыз.
Алкоголь мен тәтті газдалған сусындар дегидратацияны күшейтеді — олардан аулақ болыңыз.
Күннен қорғану:
Жоғары SPF деңгейі бар күннен қорғайтын кремдерді қолданыңыз, әсіресе жағажайда немесе таулы аймақта болғанда.
Күннен қорғайтын көзілдірік пен бас киім киіңіз.
Күннен күйіп қалу — тек терінің зақымдануы ғана емес, болашақта тері обырының қаупін арттыратын фактор екенін есте сақтаңыз.
Суда қауіпсіздік шараларын сақтаңыз:
Тек арнайы рұқсат етілген орындарда шомылыңыз. Балаларды су жағасында қараусыз қалдырмаңыз.
Алкоголь ішіп суға түсу — аса қауіпті. Тіпті тәжірибелі жүзушілер де қиын жағдайға тап болуы мүмкін.
Тамақтану мен гигиена ережелерін сақтаңыз:
Жазда тамақ тез бұзылады.
Тек жаңа дайындалған тағамдарды тұтынып, оларды дұрыс жағдайда сақтау аса маңызды.
Күмәнді жерлерде көшеде тамақтанудан аулақ болыңыз. Табиғатта немесе жолда жүргенде, тамақ ішер алдында қолыңызды жуыңыз.
Жәндіктердің шағуынан сақтаныңыз
Кенелер мен масалар көп болатын аумақтарда репелленттер қолданыңыз.
Табиғатқа шыққанда жабық киім киіп, серуеннен кейін денеңізді мұқият қарап шығыңыз.
Қарапайым ережелер — қауіпсіз демалыстың кепілі!
Жазғы күндер пайдалы әрі қауіпсіз болуы үшін осындай сақтық шараларын есте ұстаңыз.
Күн, ауа, су — сізге тек пайда әкеледі, егер сіз оларға ақылмен қарасаңыз.
Өзіңізді қорғаңыз, денсаулығыңызды сақтаңыз және демалысты шынымен де пайдалы өткізіңіз!
Фото: Дереккөзден.