Ұшақ Астанаданың жанындағы Жоламан аэродромының маңында құлады, зардап шеккендер бар, — деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-cараптамалық порталы.
Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі баспасөз қызметі хабарлады.
22.06.2025 шамамен сағат 11.30-да Жоламан әуеайлағы маңында (Астана қаласы) оқу-жаттығу ұшуын орындау барысында TL-2000 жеңіл моторлы ұшағы авиациялық оқиғаға ұшырады. Бұл ұшақ жеке тұлғаға тиесілі. Алдын-ала мәліметке сәйкес бортта екі экипаж мүшесі болды. Экипаж мүшелері қайтыс болды., — делінген хабарламада.
Ақпаратқа сәйкес, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін комиссия құрылады.
Оқиғаны тергеп-тексеру үшін қолданыстағы ережеге сәйкес авиациялық оқиғалар мен инциденттер жөніндегі арнайы комиссия құрылады. Көлік министрлігіне қарасты көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаменті қызметкерлері авиациялық оқиғаға орнына барады,-деп жазылған ведомство бероген мәліметте.
Жоламан аэродромы Ақмола облысы, Шортанды ауданында, Астана қаласынан шамамен 13 шақырым жерде орналасқан.
Фото: ашық дереккөзден