АҚШ-та Трампқа импичмент талап етілді

Шамалы уақыт бұрын Дональд Трамп АҚШ-тың Ирандағы ядролық нысандарға соққы жасағанын ашық айтты, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Ақ үй басшысының мәлімдеуінше  АҚШ-тың шабуылшы ұшақтары дәл қазіргі уақытта Иранның әуе кеңістігінен кері шығып үлгерген.  Ол сонымен қатар  бұл шабуыл жайлы Израильге ескерткен. Иран билігі Америка тарапынан болған шабуылды растады.

Алайда Трамптың осы шешімінен  кейін демократтар Дональд Трампқа импичмент жариялау мәселесін қайта көтерді.  Олар Трамптың бұл шешімін конгресс өкілеnтігіне қарсы жасалған қадам деп атады.

Президенттің Иранға рұқсатсыз соққы беру туралы  шешімі Конституция мен Конгресстің соғыс өкілеттіктерін өрескел бұзу болып табылады. Ол бізді импульсивті түрде ұрпақтарға созылатын соғыс қаупіне ұшыратты. «Бұл импичмент үшін сөзсіз негіз бола алады», — деді АҚШ Өкілдер палатасының мүшесі Александрия Окасио-Кортес өзінің X әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оның мәлімдемесін Иллинойс штатының 6-округінен сайланған конгрессмен Шон Кастен де қолдады.

Бұл Иранның ядролық бағдарламасының мәнін қарастырмайды. Бірде-бір президент Конгресстің рұқсатынсыз Құрама Штаттарға тікелей қауіп төндірмейтін басқа елді бомбалауға құқы жоқ. Бұл Трампқа импичмент  жариялауға толық   негіз бола алады,- деп атап -өтті конгрессмен Шон Кастен.  

Республика  партиясының өкілі Томас Масси де АҚШ-тың Иранға жасаған соққыларына қарсылығын білдіріп,  АҚШ президентінің бұл әрекетін «конституцияға қайшы» деп атады. Алайда ол алдыңғы екі әріптесінің импичмент туралы ойларын қолдаған жоқ.