Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, Ақтау қаласында тұратын ерлі-зайыпты Instagram, TikTok және Telegram әлеуметтік желілері арқылы 850 мыңнан астам оқырман жинап, онлайн лотереялар ұйымдастырған,-деп хабарлайды JurtMedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.
Кейін анықталғандай олар танымал әнші Абай Бегейдің қызы мен оның күйеуі болып шықты.
Ерлі-зайыптылар лотерея операторы ретінде тіркелмеген, бірақ соған қарамастан автокөлік, пәтер, басқа да бағалы сыйлықтарды жүлде ретінде ойнатқан. Қатысушылар лотереяға 50О-50 00О теңге аралығындағы билеттерді (цифрлық нөмірлер) сатып алу арқылы қатысқан.
Алдын ала есеп бойынша, заңсыз кәсіпкерлік қызмет нәтижесінде алынған таза қылмыстық табыс көлемі 162 млн теңгеден асқан. Қазіргі таңда күдіктілердің мүлкі мен шоттарына тыйым салынды.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.