«Үйім де жоқ, жұмыссыз қалдық». 23 жылға сотталған Шынасыл Абзалдың анасы жағдайын айтты

Марқұм Шерзат Болатты өлтірді деп айыпталған басты сотталушы Абзал Шынасылдың анасы Ақбота Есбергенова «Ел дауысы» бағдарламасына берген сұхбатында қазіргі жағдайы туралы айтты,-деп хабарлайды JurtMedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.

Жағдайымыз өте қиын. Балама көп жыл берді, мен оған келіспеймін. Өз істеген айыбын мойындады, сол ісімен жазаланды. Енді менің жағдайым да жоқ, 60 млн теңге сұрап отыр. Абзал «өз істегенімді сотта айттым» деді. Өте өкінішті. 60 млн төлей алмаймыз, үйім де жоқ, жағдайым да жоқ. Осы соттың өзінде қиналып кеттік. Жұмыссыз қалдық, — дейді Ақбота Есбергенова.

Сотталушының анасы екі ай Талдықорғандағы сотқа шапқылап та, біраз қаржылық қиындыққа тап болғанын айтып отыр. Ол баласының кінәсі бар екенін, бірақ 23 жыл тым көп жаза деп санайды. 15 жыл берсе де жетер еді деп санайды.