Күрестің Дзюдода түрінен Мажарстанда өтіп жатқан әлем чемпионатында ел намысын қорғаған Әбиба Әбужақынова күміс медальды қанағат тұтты, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.
Спорт сарапшылары Ә.Әбужақынованың күмісі – Қазақстан дзюдосы үшін тарихи жетістік деп бағалады. Өйткені бұған дейінгі әлем чемптонаттарында бірде-бір қазақ қызы финалға шыққан емес.
48 келіде бқз кілеимде бақ сынағы Әбиба ақтық сында итальяндық балуан Ассунта Скуттоға есе жіберіп қойды. Ассунто бұған дейін әлем чемпионатының қоласы мен күмісін ұтқан болатын.
Бапкерлердің барлығы тактикалық тұрғыдан менімен дұрыс жұмыс жасады. Финаль кезінде өзімнің жіберген қателігімнің есебінен қарсыласымнан ұтылып қалдым. Негізі алтын үшін келгенмін. Бұл жолы бұйырмады. Енді елімізде өтетін әлем чемпионатында әнұранымызды шырқатамыз деп сенемін, — деді Әбужақынова.
Айта кетейік Ә.Әбужақынова Париж олимпиадасында ел намысы үшін сынға түсіп, 5- орынға табан тіреген еді.