Астаналық прокурорлар жасөспірімдерді театр арқылы тәрбиелеуді қолға алды

Іс-шараның мақсаты — әлеуметтік осал жағдайдағы жасөспірімдерді театр өнерімен таныстыру ғана емес, сонымен қатар кәмелетке толмағандар арасындағы есірткі қылмысының алдын алу,- деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Елордадағы Сарыарқа ауданы прокуратурасының бастамасымен Жас көрермендер музыкалық театрымен бірлесе қойылған  «SOS» деп аталатын арнайы спектакль, Бас Прокурор Берік Асыловтың тапсырмасы бойынша «Заң және Тәртіп» қағидасын және «Жас үміт» жобасын жүзеге асыру аясында қолға алыынп отыр.

Спектакль жасөспірімдерге өнер арқылы жұмсақ әсер ету құралына айналып, олардың мінез-құлқын талдап, өмірлік жағдайларына сырттан қарауға мүмкіндік берді. Іс-шара мәдениет, білім беру мекемелері мен құқық қорғау органдарының табысты өзара іс-қимылының үлгісі болып табылады.

   Театрды профилактикалық құрал ретінде пайдалану жасөспірімдермен олар түсінетін тілде күрделі тақырыптарда сөйлесуге мүмкіндік береді, осылайша салауатты, заңға бағынатын және жауапты өмір салтына тұрақты мотивация қалыптастырады,-делінген елорда прокуратурасы таратқан мәліметте.

Қойылымды астаналық көрермендер мен №14 және №39 орта мектептерінен 100 жасөспірім тамашалады.