Қаражат бюджетке бағытталады. Үкіметтің өтінімі бойынша осы айда қордан 950 млн доллардан 1050 млн долларға дейінгі мөлшерде валюта сатылады деп болжанып отыр,-деп хабарлайды JurtMedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.
Ұлттық банктің мәліметінше, сәуір айында 968 млн доллар өткізілді. Бұл сомма да республикалық бюджетке салынды. Сәуірде валюталық интервенция жүргізілген жоқ.