МӘМС жүйесі: Ринат Зайытов жаңа заң жобасын мақтады

Оның айтуынша, азаматтар МӘМС жүйесі бойынша жаңа заң жобасында көп нәрсеге қол жеткізеді,-деп хабарлайды JurtMedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.

Мәселен, дәрілердің түрлерінің өзінде қажет емес дәрілерге бөлініп жатқан ақшалар бар, сыртқа кетіп жатқан ақшалар бар. Сосын басында заң жобасы келгенде кепілдірілген міндетті мемлекеттік тегін қызмет көрсетудің ақшасын қысқарту болды. Ал қазіргі заң жобасы сол уақыттан бергі жұмыс тобымен трансформациядан өткен жоба. Енді қазір тағы бірқатар өзгерістер бергіміз кеп отыр, солардың барлығы еніп жұмыс істеп кететін болса, әрине, бұл МӘМС жүйесінің жұмыс істеуін жақсы жетілдіреді,
– деді депутат.

Алайда депутаттың сөзінше, бұл жерде ең үлкен мәселе бар.

МӘМС-ке ақша жинаймыз дейміз, бірақ Абай облысында облыстық аурухана жоқ, ал кейбір аудандарда емханалар жоқтың қасы, жабдықталмаған. Қай бетімізбен сұраймыз біз ақшаны?! Осы жерді ойлану керек.
– деді Зайытов.