Ақтау қалалық сотының төрағасы сотталды

Ақтау қалалық сотының бұрынғы  төрағасы Бауыржан Шайдуллин мен оның сыбайласы болған жеке сот орындаушысы ұзақ мерзімге бостандығынан айырылды, — деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық сараптамалық-порталы. 

Маңғыстау облысы, Мұнайлы аудандық соты Б. Шайдуллинді 9 жылға және оның сыбайласы болған жеке сот орындаушысы Р. Жанахметовті 8 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

 Олар сотталушыны бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындау сылтауымен 18 млн теңге мөлшерінде заңсыз сыйақы алу жолымен алаяқтық жасағаны және пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылды,-  делінген антикордың ақпаратында. 

Қосымша жаза ретінде Шайдуллин мен Жанахметов өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.