Ресей тәліптерді террористтер қатарынан шығарды

Елдің Жоғары соты ресми түрде шектеу шараларын алып тастады. Лаңкес ретінде танылған топ 20 жыл көлемінде қара тізімде болған,-деп хабарлайды JurtMedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.

Енді Мәскеу билігіне Ауғанстан басшылығымен қарым-қатынасын қалыпқа келтіруге жол ашылды. 2003 жылдан бері тек қылмыстық жазаға кесіліп келген радикалды қозғалыс мүшелері үшін де бұл жеңіс. Енді олар Ресеймен толыққанды саяси және дипломатиялық келіссөздер жүргізе алады.

Орталық Азия елдерінен Қазақстан мен Қырғызстан да исламшыл топты террористтер қатарынан алып тастаған.