Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының төрағасы мен депутатына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабаралайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мәслихат төрағасы, онымен аффилиирленген фирманың жергілікті мемлекеттік мекемелермен мемлекеттік сатып алу шарттарының талаптарын орындамауына байланысты аудит барысында анықталған бұзушылықтар бойынша шаралар қолданбағаны үшін облыстық Ішкі мемлекеттік аудит департаменті қызметкерлеріне пара бермек болған. Ол бұл әрекет әріптес,і аудандық мәслихаттың депутаты арқылы жүзеге асырған. Параның жалпы көлеміі 2 млн теңге,-делінген дерекөз таратқан мәліметте.
Ағымдағы жылдың 23 қаңтарында қадағалаушы прокуратура айыпталушыларды сотқа берді.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.