Астанада 2016 жылы Есіл өзеніне орнатылған «Күн» субұрқағына қатысты атышулы іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы, Tengrinews.kz сілтеме жасап.
Мемлекеттік айыптаушы Азамат Тоқтарбай мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұлов пен инженер Мәди Қанапинге жаза тағайындауды сұрады.
Болат Мажағұловты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы («Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті аса ірі көлемде иемдену немесе талан-таражға салу») бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оны мемлекеттік қызметте лауазымды қызметтерді атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраймын, – деп мәлімдеді прокурор.
Сондай-ақ ол инженер Мәди Қанапинді Қылмыстық кодекстің 28-бабы 5-бөлігі («Көмектесу») және 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танып, оны мемлекеттік қызметте лауазымды қызметтерді атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады.
Еске салсақ, елордадағы субұрқақ ісі бойынша сот қарауы желтоқсанында басталған болатын.