Алматы және екі қала тұрғындарына ескерту жарияланды

Қазгидромет Алматы мен Қазақстанның тағы екі қаласының тұрғындарына ауа райының қолайсыз болатынын ескертті, — деп хабарлайды Jurtmedia.kz  ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Дереккөздің жазуынша, 2025 жылдың 29 қаңтарында Алматы, Атырау және Өскемен қалаларында ауаның ластануы үшін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтілуде.

Атмосфералық ауаның жер қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (жел, тұман, инверсия) жиынтығы ауаныластап қолайсыз ауа райы жағдайларына әкеліп соқтырады, — делінген хабарламада.