Еліміздің Ішкі істер министрлігі ауа-райының күрт нашарлауына байланысты барлық жол қозғалысына қатысушыларға сақтық шараларын қолдану мақсатында ескерту жасады, — деп хабарлайды,Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.
Polisia.kz сайтының жазуынша қазіргі уақытта 15 облыстың 43 жол учаскесінде автокөліктердің қозғалысына шектеу енгізілген.
Құрметті азаматтар! Жол қозғалысының қатысушылары! Ауа райының нашарлауына, боран мен қарға, көктайғақ пен көрінудің төмендеуіне байланысты қазіргі уақытта 15 облыстың 43 жол учаскесінде автокөліктердің қозғалысына шектеу енгізілді. Республикалық маңызы бар алты мыңнан астам шақырым жолда, яғни көрсетілген санаттағы жолдардың 25%-ында шектеулер енгізілген. Осы орайда біз сіздерді сапарға шығудан бас тартуға шақырамыз. Жолға шығып қойған азаматтарға жабылған жол учаскелеріне жақын орналасқан елді мекендерде тоқтап, ауа райының жақсаруын күтуді ұсынамыз. Тәуекелге барудың қажеті жоқ! Қозғалысқа шектеу енгізілген нақты жол учаскелері туралы «ҚазАвтоЖолдың» ресми Telegram-арнасында, радио, теледидар және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ 1403 телефон нөмірі арқылы біле аласыздар. Жолда сақ болыңыздар! — деді ІІМ әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Айдын Оразбаев.