Астанада апатты жағдайда деп жабылған спорт кешені қайта ашылатын болды

Елорададағы 2001 жылы ашылған,«Қазақстан» спорт кешеіні 2019 жылдың сәуірінде  апатты жағдайда деп танылып жұмысын   толығымен тоқтатқан, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.  

Ғимаратты қалпына келтіру  жұмыстары құрылыс-монтаждау жұмыстары жобалық-сметалық құжаттама дайын болған соң басталады. Бұл туралы «Астана қаласының Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Төлеген Құлұшев Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың спорт нысаны жағдайымен танысуы кезінде мәлімдеді. Бұл кездесу тұрғындардың өтініші бойынша ұйымдастырылды.

 Бұл спорт кешенін қайта жаңарту тұрғындардың белсенді өмір салтына және қаланың спорттық инфрақұрылымын дамытуға оң ықпал етеді. Бұл – тек спортшылар үшін ғана емес, бүкіл қала тұрғындары үшін маңызды нысан. Спорт кешенін қалпына келтіру жұмыстары Астана қаласының спорттық әлеуетін арттыруға және тұрғындардың денсаулығын жақсартуға бағытталған маңызды жоба болмақ, – деді депутат.

Еске салайық,  «Қазақстан» спорт кешені  жабылғанға дейін «Барыс» хоккей клубының аренасы болған.

Фото: ашық дереккөзден