Абай облысында прокуратура жалған дипломмен жұмысқа орналасқан «Семей орманы» МОТР қызметкерлерін анықтады,- деп хабарлады Jurtmedia.kz ақпараттық порталы.
Олардың Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы университетті бітіргендігі туралы жалған дипломдары болған.
Мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы жоғары оқу орындарын бітіргені туралы жалған дипломдармен жұмыс істеген Резерваттың 5 қызметкерлерін, оның ішінде бір филиал басшысын анықтады. Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеттің мәліметіне сәйкес аталған қызметкерлерге диплом берілмеген,- деп жазды дереккөз.
Осы фактілер бойынша ҚК 385-бабының 3-бөлігі (жалған құжаттарды жасау, дайындау немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталып, материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін полицияға жолданды.