ақпарат ағыны

Түркістан облысында экстремистік топ ұсталды (видео)

ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі бөлінісі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің көмегімен Кентау қаласында “Хизб-ут-Тахрир” діни-экстремистік ұйымының жасырылған тобын жойды, – деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық порталы. Polisia.kz. сайтына сілтеме жасап.

Бұл ұйымның идеологиясы елде зайырлы конституциялық құрылымды құлатып, “шариғат” нормаларын енгізуге бағытталған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында топ мүшелерінің терроризм идеяларын насихаттау, сондай-ақ діни көзқарасты қорлау фактілері анықталды. Топ мүшелері “Хизб-ут-Тахрир” шетелдік радикалды уағызшыларының дәрістерін алу және тарату үшін интернет-ресурстарды пайдаланған. Топ жетекшісі бұған дейін тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның қызметіне қатысқаны үшін сотты болған. Жүргізілген шаралар нәтижесінде 10 күдікті ұсталды. Олардың тұрғылықты жерлерін тінту кезінде діни-экстремистік әдебиеттер мен басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді,- делінген декреккөз таратқан мәліметте.

Қазіргі уақытта терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Фото: дереккөзден