ШҚО бойынша экология департаментінің басшысы пара алу үстінде ұсталды

Жасырын іс-шаралардың нәтижелері бойынша «Қалбатау-Майқапшағай» республикалық маңызы бар автомобиль жолының учаскесін реконструкциялау кезінде аса ірі мөлшерде пара алу фактісі анықталды,-деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық порталы.  

2024 жылы 13 шілдеде бұрын келісілген 130 млн теңгенің 8,5 млн теңгесі сомасында параның бір бөлігін алу үстінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті басшысы Мамай Бутабаев ұсталды.

Ақшалай қаражат жоғарыда аталған автожолды қайта құру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жол-құрылыс компаниясы директорының орынбасары жалпы қамқорлығы және экологиялық заңнаманы бұзғаны және әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін берілді,-  делінген антикор берген ақпаратта

Лауазымды тұлға мен оған пара ұсынған компания басшысы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.  Тергеу жалғасуда