Ауызсуды ысырап еткен көлік жуу орындарының тарифі өсуі мүмкін

Көлік жуу орындарында ауызсуды пайдалануға шектеу қойып, айналымды су жүйесін міндеттеу қажет. Мұндай ұсынысты Құрылтай депутаты Сергей Пономарев көтерді,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Депутаттың айтуынша, елдегі 3 285 көлік жуу орнының 85 пайызы суды қайта пайдалану жүйесінсіз жұмыс істейді. Ал бір көлікті жууға 250 литрге дейін таза ауызсу жұмсалады.

Сергей Пономарев 2040 жылға қарай Қазақстанда су тапшылығы 15 миллиард текше метрге жетуі мүмкін екенін айтып, бұл мәселені қазірден шешу қажеттігін атап өтті. Ол барлық жұмыс істеп тұрған көлік жуу орындарын түгендеп, жаңа нысандарға айналымды су жүйесін міндеттеуді ұсынды. Қолданыстағы көлік жуу орындарын тазарту жабдықтарын орнату үшін екі жылға дейін уақыт беруді көздейді.

Сонымен қатар су айналымы жүйесін пайдаланбайтын орындарға ауызсу тарифін көтеру, ал жаңа жабдық орнататын кәсіпкерлерге субсидия мен жеңілдетілген несие беру ұсынылды. Депутаттың пікірінше, суды қайта пайдалану жүйесі шығынның 70 пайызына дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика