26-28 қараша аралығында Қазақстанның басым бөлігінде қолайсыз ауа райы сақталады деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы
Синоптиктер жаңбыр мен қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болатынын ескертті. Сондай-ақ желдің екпіні күшейеді. Апта соңына қарай елдің солтүстігі мен орталығында ауа температурасы -5 градусқа дейін төмендейді.
«Қазгидромет» мәліметінше, алдағы күндері Қазақстан аумағына солтүстік-батыс циклоны мен онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді.
Осыған байланысты елдің бірқатар өңірінде жауын-шашын түседі. Әсіресе солтүстік-батыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыстың жекелеген аудандарында жаңбыр мен қар мол жауады. Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Желдің жылдамдығы да күшейеді.
28 қарашада ауа температурасы қандай болады?
Синоптиктердің болжамынша, 28 қарашада күндізгі ауа температурасы:
- елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында 0…-5 градус;
- оңтүстік-батысы мен шығысында 0…+5 градус;
- оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында +5…+10 градус;
- таулы аудандарда 0…-5 градус болады.
