Құрылтай депутаттары денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы
Құжат медициналық ақпараттық жүйелерді біріктіруді, деректер алмасуды жеңілдетуді және ғылыми зерттеулерді дамытуға бағытталған.
Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиевтің айтуынша, рентген, КТ және МРТ нәтижелерін бірыңғай жүйеде сақтау ұсынылып отыр.
Аудандық ауруханада тексерілген науқастың нәтижелерін Астана немесе Алматыдағы республикалық орталық дәрігерлеріне қашықтан көруге мүмкіндік береді. Нәтижесінде науқастардың қайта тексерілу қажеттілігі азайып, дәрігерлердің өзара кеңесуіне жағдай жасалады,-деді ол.
Сонымен қатар биомедициналық зерттеулердің бірыңғай ақпараттық жүйесін құру көзделген. Онда зерттеулер, ғылыми орталықтар мен мамандар туралы мәліметтер жинақталып, зерттеулерге рұқсат беру тәртібі жеңілдетіледі.
