Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды

Мемлекет басшысының өкімімен Игорь Лепеха Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Игорь Лепеха 1962 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 1984 жылы Қарағанды политехникалық институтын, 1993 жылы Ресей ІІМ академиясын бітірген.

Ішкі істер органдарында 1986 жылдан бері қызмет атқарған. Әр жылдары Қарағанды облысы ІІД-де, ІІМ Әкімшілік полиция комитетінде және министрлік аппаратында басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.

2022 жылғы 6 қазанда Ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалған.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика