Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының басқарма мүшесі Қуаныш Омарбековті ұстады деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы
Ол «Самұрық-Қазына» қорының бұрынғы басшылығы ұйымдастырған сыбайлас жемқорлық схемасына қатысы бар деген күдікке ілінген.
ҰҚК мәліметінше, 2026 жылғы 23 қарашада Комитеттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Қуаныш Омарбековті және өзге де адамдарды ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамаған.
25 қарашадағы жағдай бойынша, ұсталғандардың «Самұрық-Қазына» қорының бұрынғы басшылығы ұйымдастырған сыбайлас жемқорлық схемасына қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 367-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
