Астана мен Алматы қалаларында Media Chess Cup 2026 – «Екі астана кубогына» журналистер, редакторлар, фотографтар, видеооператорлар және блогерлер қатыса алады,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Жарыс жылдам шахмат форматында, швейцариялық жүйе бойынша 7 турдан тұрады.
Ойын уақыты – 10+2. Әр қалада жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, үздік ойыншылар Lichess платформасында өтетін онлайн финалда «Екі астана кубогының» иегері атану үшін бақ сынайды.
Турнирдің жалпы жүлде қоры – 1,5 миллион теңге.
Күні: 2026 жылғы 19 желтоқсан
Басталуы: 11:00
