Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Марат Ирменовті қабылдап,ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар мен алдағы кезеңге қойылған міндеттер туралы есепті тыңдады,-деп хабарлайды  Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Бұл туралы ақорданың баспасөз қызметіні мәлімдеді.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығымен өткен жиын қорытындысы бойынша берілген тапсырмаларды орындау аясында Мемлекет басшысына ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін реформалау және тиімділігін арттыру бойынша қолға алынатын шаралар туралы баяндалды.

Кездесу соңында Президент бірқатар нақты тапсырма берді.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика