«Казгидромет» мекемесі 21 қарашада елдің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райы болжанып отырғанын мәлімдеді,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -4…-6°C, күндіз +4…+6°C.
Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 3-8 м/с. Түнде ауа температурасы +4…+6°C, күндіз +14…+16°C.
Шымкентте бұлтты, жаңбыр жауады. Жел 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +9…+11°C, күндіз +18…+20°C.
Астана мен бірқатар облыста тұман түсіп, көктайғақ болады. Шымкент қаласы мен Түркістан облысында жаңбыр, найзағай және екпіні 20 м/с-қа дейін жететін қатты жел күтіледі.
Еліміздің батыс өңірлерінде желдің екпіні 23 м/с-қа дейін күшейеді. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.
