Бүгін еліміздің барлық өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы
Астанада күн райы бұзылып, көктайғақ күшейді. Атап айтқанда, 17 өңірде тұман түсіп, жел күшейеді, кей жерлерде көктайғақ болады.
Алматы облысында желдің жылдамдығы секундына 20 метрге, Жамбыл облысында 28 метрге дейін жетуі мүмкін.
Қарағанды, Ақмола және Ұлытау облыстарында жауын-шашын мен көктайғақ болжанып отыр. Түркістан облысында да жаңбыр жауады. Ал еліміздің солтүстік және батыс өңірлерінде тұман күтіледі.
