Көлік жүргізу құқығы жоқ 245 жүргізуші ұсталды

Елімізде соңғы бес күнде көлік жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан, қайтадан рөлге отырған 245 жүргізуші ұсталды,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

 

Олардың 115-і әкімшілік қамауға алынса, 130-ына айыппұл салынып, автокөліктері  айыптұраққа қойылды. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жүргізуші куәлігінен айырылған азаматтарға көлік басқаруға ешқандай жағдайда рұқсат етілмейді. Полиция мұндай заңбұзушылықтарға қатысты бақылауды күшейтіп, қатаң шаралар қабылдайтынын ескертеді.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика