Атырауда оқушылар көшеден қомақты қаржы тауып алды

Атырауда бір топ оқушы көшеден қомақты ақша салынған әмиян тауып алып, оны полицияға тапсырды деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы

Балалардың адал әрекетінің арқасында жоғалған қаражат иесіне қайтарылды.

Оқиға Нұрсая ықшам ауданында болған. Патрульдеу кезінде полиция қызметкерлеріне бір топ оқушы жақындап, көшеден әмиян тауып алғанын хабарлаған. Оның ішінде 300 мың теңгеге жуық ақша болған.

Оқушылар табылған қаражатты өздеріне қалдырмай, заңды иесіне қайтару үшін полицияға жүгінген.

Полицейлер жедел шаралар нәтижесінде әмиян иесін анықтап, жоғалған ақшаны оған табыстады.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика